Өзімшілдік пен көпшілдік Ашық сабақ өзін-өзі тану

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

бастайды: қызғаныш, кек алу,эгоизм, өтірік, өкініш, менмендік . Екінші қасқыр жақсылықты бастайды: бейбітшілік, махаббат, үміт, шындық, қайырымдылық пен адалдық .
Атасы айтқан сөздердің тереңіне шомып, біраз уақытқа ойланып қалған немересі:
—Түбінде қай қасқыр жеңіп шығады?— деп сұрады.
Қария жай ғана езу тартты да, немересіне былай деп жауап берді:
— Екі қасқырдың қайсысын асырайсың, әрқашансол жеңіп отырады. Ол дегеніміз Жақсылықты көп ойлап, адамдарға жақсылық жасап, достықта болсаң, шыңдық айтсаң, баршаға қамқорлық, мейірімділік жасасаң әрине жақсылық жеңіс табады. Ал адамдарға жамандық ойлап, өтірік айтсаң, жетістіктеріне, жақсылықтарына қызғанышпен қарасаң жамандық жеңеді деп жауап береді.

Дәйексөз
«Болмағын кекшіл,
болсайшы көпшіл» деген Ұлы Абайдың даналық сөзінің мәнісі мынада: Көпшіл адам көптің көңілінен шығып, көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісіп, айналасындағылармен тез тіл табыса алатын, жеке басының ғана емес көптің қамын ойлайтын адамдарды айтуымызға болады. Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады. Басқалардың мүддесімен санаспай, тек өз мүддесін ойлайды. Ал жалғыз ойнау қызық болмайтын сияқты, жалғыз жүру де адамды жалықтырады, жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды. Мұндай адам достары, сыныптастары, туыстарының арасында тек өзінің ғана қамын көздейді.
Сергіту сәті. (таным процестерін дамыту мақсатында
(Ойын ұйымдастыру)
Интерактивті тақтада суреттер шығып отырады. Суретке қарап өз ойларынан мақал құрастырып отырады. (Интерактивті тақтадан әр топқа 2 суреттен көрсетіледі)
Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)
1- топқа қысқаша мәтін беріледі. Топ басшыларының басқаруымен топ өздеріне берілген мәтінді баяндап береді.
Келесі 2-топ мәтінді мұқият тыңдап мәтін не туралы және бұл

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: