Өзім туралы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

зақ тілін үйретемін. Бір топта неше түрлі бала отырады, әр үйдің еркесі мен серкесі. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әлі тілдері өз ана тілдерінде дұрыс шығып, қалыптаса қоймаған балаларды қазақ тілінде сөйлету оңай емес. Балабақшада балаларға тіл үйренуге деген барлық жағдай жасалған. Арнайы қазақ тілі кабинеті бар. Балалар бекітілген сабақ кестесіне сай, кабинетке келіп, қазақ тілін үйренеді. Тақырыпқа сай жаңа сөздерді үйреніп, әр түрлі дидактикалық ойындар мен қозғалмалы ұлттық ойындарды және өзге халықтың ойындарын ойнайды. Анимациялық мульбейнелер, музыкалы сергіту сәттері, қазақ халқының және өзге халықтың ертегілерін тыңдап, ақпаратты- компютерлі техника арқылы көреді.
2016-2019 жылдарға арналған "4 "Дельфинчик" бөбекжай" МКҚК Даму стратегиясы жоспарына, сонымен қатар балабақшаның жылдық жоспарына сай, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі", "Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі", "Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні", "Наурыз" мерекелеріне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар,
ата-аналармен бірге сурет-көрмелер, әдеби шығармаларды мәнерлеп оқудан сайыстар, мерекелік ертеңгіліктер өткіземіз.
Ұйымдасқан оқу қызметі барысында халық ауыз әдебиеті түрлері жұмбақтар, санамақтар, жаңылтпаштар көбірек пайдаланамыз.
Жоспар бойынша ашық сабақтар, сайыстар өткіземіз. Балалармен бірге туған өлкенің тарихымен таныстыруда, "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қаламыздың орталық мұражайларына жиі барамыз.
Тәрбиеленушілердің Отанға деген мақтаныш сезімдерін ұялату мақсатында аптаның әр дүйсенбі күні Мемлекеттік Гимнді педагогтермен бірге орындаймыз. Педагогтердің Мемлекеттік Рәміздер тур

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: