Өзім туралы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Өзім туралы

Эссе

"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" - деген ұлы Абайдың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз- мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе - шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның қиыны. Себебі әр адам - қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата- ананың сенімді көмекшісі.
Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. "Ұстазы жақсының ұстасы жақсы" демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: "Даңқ пен абыройға кенелуіме мен бір адамға қарыздармын, ол-ұстазым Аристотель",- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын, мақтанатын ұстазым, асқар тау әкем - Хожамуратов Тоймұрат.
Әкем өзінің қырық жылдан аса өмірін педагогика саласына жұмсаған жан. Сан мың бала шәкірт жүрегіне арман сыйлаған, үміт отын жаққан. Менің әкемді көріп, "осы ағайдай мұғалім боламыз",- деп қаншама бала мұғалім болды, әдебитке деген қызығушылығы оянды десем асыра айтқаным емес. Әкем қазір Тараз қаласындағы 5 зертханалық мектебінде жұмыс істейді, ақиық ақын М. Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының Үздік Педагогы.
Әкем өжет,өр мінезді, тіл, ел, жер тағдыры десе ішкен асын жерге қояды.
Менің мұғалімдігім басқа мұғалімдерден бөлектеу, басқашалау. Мен балабақшада өзге ұлт өкілдеріне қа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: