Зерде интеллектуалдық ойыны

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
С. Жаңғабылов атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Жугинбаева Қалдыбике Адилчаевна
"Зерде" интеллектуалдық ойыны (2 - сынып)

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, танымдық және ойлау қабілеттерін ұштау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу.
Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру,
Көреніліктері: слайд - презентация, нақыл сөздер т. б.
Сабақтың мазмұны:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жетелер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер - деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық.
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгін 2 - сынып оқушыларының білімдерін зерделейтін "Зерде" атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.
Бағдарламаға 4 оқушыдан құралған екі топ қатысады. Қатысушылардың жалпы саны - 12. Ойын 6 айналымнан тұрады. Топтар әр кезең бойынша қорытындысы бойынша ұпай жинайды. Бесінші айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем берді ұландарға талапкер,
Дос көңілмен адал, аппақ ниетпен.

ІІ Таныстыру
- Ендеше сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық:
1 - топ "Ойшылдар"
Ұраны: "Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы"
2 - топ " Алғырлар"
Ұраны: "Білімдіге дүние жарық,білімсіздің күні қаріп"
3 - топ " Тапқырлар"
Ұраны: "Ақыл азбайды, білім тозбайды"

Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл мықты,
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Достық пен бірлікті ет

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: