Зерде интелектуалдық сайысы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«Зерде» интелектуалдық сайысы. сыныптар аралығында
Математика пәні мұғалімі: Жайлғанова Ұлмаш Шатайқызы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».
С. М. Ломоносов
2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С. В. Ковалевская
3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың
патшасы» К. Гаусс
«Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер
және еңбек». М. Искаков
І жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.
Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділқазыларды шақырайық.
1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау
Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс
шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
Сайыскерлеріміздің білім мен өнерін саралап, баға беретін сарапшы-ұстаздарымыз- әділқазылар алқасымен таныс болайық!
1.
2.
3.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: