Сабақ тақырыбы: Өзендер
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзен және оның бөліктері, өзендердің қоректенуі, шаруашылықта пайдаланылуы туралы түсінік беру.
Сабақ міндеттері:
1. Білімділік: Өзендер бөліктері, шоңғалдар мен сарқырамалар, өзен суның толығуы, режимі мен шаруашылықтағы маңызы туралы білім қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Өзендердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызына баға бере білуін, шығармашылығын және картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушының өз бетімен,топпен жұмыстануға, ойын еркін жеткізе білуге, жаңа ұғымдарды меңгерте отырып, ой-тұжы рым жасауға жетелеу, өмірде пайдалана білуге үйрету, экологиялық тәрбие ге баулу.
Күтілетін нәтиже:
1. Өзен бөліктерін, шоңғалдар мен сарқырамалар,өзендердің қоректенуі мен маңызын білуі
2. Картадан ірі өзендерді көрсете алуы,топта жұмыс жасай алуы,өз ойын жеткізе білуі
3. Қосымша ақпараттармен,оқулықпен,топпен,картамен жұмыс істей білуі
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ой шақыру, тест, ойындар, "Ассоцация" стратегиясы","Фишбоун"әдісі,"Венн диаграммасы", Географиялық сызба-сурет.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақ типі : аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, карта, глобус, плакат, балмұздақ таяқшалары, бағалау парақтары, суреттер, карточкалар(балықтар), видео.
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
Еске түсіру бөлімі:
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үй тапсырмасын бекіту кезеңі
Ой шақыру бөлімі:
Мақсат қою кезеңі
Жүзеге асыру бөлімі:
Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
Жаңа сабақты бекіту кезеңі
Қорытынды бөлімі:
Рефлексия
Бағалау бөлімі:
Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
Сәлемдесу. Қатысым тексеру
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>