орлық қасиеттерге тәрбиелеу;
Ұлылар өмірін үлгі ете отырып, оқырмандық мәдениетке
баулу.
Төмені сыныптарда есімдіктің мағыналық түрлері туралы ұғым оқушыға жат болғандықтан, сабақтың типін жаңа білімді меңгертудеп алдым. Сабақтың түрі - дәстүрлі сабақ. .
Өзімнің іс-тәжірибемде жиі пайдаланатын жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі көрнекілік, практикалық тірек-сызба, репродуктивтік, деңгейлік тапсырмалар арқылы даралап, саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін тиімді пайдаландым деп ойлаймын.
Кабинет мүмкіншілігіне сай тірек-сызба, суретті плакаттарды эпипроектор арқылы пайдаландым, семантикалық картаның жауабын да техникалық құралдардың көмегіне жүгіндім. , Оқушының танымын, ойлау қабілетін дамыту мақсатында тәрбиелік мәні маңызды түрлі ребустарды да орынды пайдалана алдым деп есептеймін. Жалпы, сабақтарында пайдаланылатын әр тірек сөйлемнің тәрбиелік мәні болуы қажет деп есептеймін және сондай мағыналы сөйлемдер алуға тырысамын. Бұл сабақта да мақал-мәтелдер, қанатты сөздер таңдап алынып, мағынасын ашып отыруға тырыстым.
Бұл сабақ әдебиет пәнімен байланыста өтті. Оқушылардың шығармашылық қабілеті мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы» атты шағын ойтолғау жаздыртып, оқушының туған ел, өскен жерге деген махаббатын оятып, сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал еттім.
Сабаққа оқушылардың ынтасы өте жоғары болды. Жоспар бойынша барлық жұмыс уақытылы орындалып, сабақта өте белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс істеген 7 оқушы «5»-ке, 9 оқушы «4»-ке, 2 оқушы «3»-ке бағаланды.
Мақсатыма жеттім деп есептеймін.
Пән мұғалімі Н. Сегізбаева
А
СөздерЖіктеу есімдігіСілтеу есімдігіСұрау есімдігіСын есімЕтістікЗат есім
Оқимын
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>