Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Зат есімнің түрленуі туралы білімдерін кеңейте отырып, лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктелетіндігін түсіндіру.
Дамытушылығы:Ойлау,есте сақтау,еске түсіру қабілеттерін дамытып,ынта-зейіндерін арттыру.
Тәрбиелілігі:оқушыларды ұқптылыққа,адамгершілікке баулу,бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: баяндау,түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: кесте,деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
4. Жаңа сабақты түсіндіру
Тақтаға назар аударайық
Төмендегі зат есімдердің қайсысы жіктеліп, қайсысы жіктелмейді? Жіктелетіндерін үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеңдер.
Заңгер, құжат, заң, зейнетақы, зейнеткер, ғарыш, ғарышкер, үйрек, бүркіт, бүркіші, қой, жылқышы, ар, тілек, тілекші, Арман, Қанат, Сәуле.
Үлгі:
Жақ
Жекеше
Көпше
І
ІІ
ІІІ
Мен заңгермін, зейнеткермін
Сен заңгерсің, зейнеткерсің
Сіз заңгерсіз, зейнеткерсіз
Ол заңгер, зейнеткер
Біз заңгерміз, зейнеткерміз
Сендер заңгерсіңдер, зейнеткерсіңдер
Сіздер заңгерсіздер, зейнеткерсіздер
Олар заңгер, зейнеткер
Зат есімнің жіктелуі
Лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктеліп келіп, жіктеу есімдіктерімен қатынасқа түседі. Адам аттары мен мамандық кәсібіне қатысты зат есімдерді үш жақта бірдей жекеше, көпше түрде жіктеп айтуға болады.
Кейде көркем әдебиетте нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың аттары адамның әр алуан қасиеттерін бейнелеу үшін ауыспалы мәнде жұмсалады.
Мысалы:
Шамдансам, жығар асаумын,
Шамырқансам, сынар болатпын. (Махамбет)
Страницы: 1 | 2 > >>