мaзмұнды oқытуда бaғалау үдерiсі мұғалiмнің жaнама түрдe қaдағалауы aрқылы оқyшы өз бeтімен игeрген білiмдерін "бaғалау критeрийлері" бoйынша тoп iшінде бiр-біріне дeген сeнімділікпен өзaра жәнe өзiн-өзі бaғалауы iске aсырылады.
Рефлексия: Осы бағдарламаны оқыған әрбір мұғалімнен өз сабақтарының соңында 10 минут уақыт бөліп рефлексия жасауды талап етеді. Топтың әр мүшесі рефлексия жасайды. Дәстүрлі сабақтар кезінде мен оқушылардан кері байланыс парағын алмайтынмын. Сабақтан соң оқушылардан кері байланыс парағын алу арқылы сабағымның табыстылығын анықтаймын және өз сабағымдағы күтілетін нәтиже мен табыстылық критерийіне оқушылар қол жеткізді ме, соған көз жеткізу мақсатында рефлексия жасаймын. Мен үшін оқушыларымның пікірі өте құнды. Әр сабақта қолданатын тапсырмаларды оқушылардың мүмкіндіктеріне сай етіп құруды басты міндетіме айналдырдым. Әр сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс парағын алу арқылы, келесі сабағымды жоспарлаймын.
Сабақ барысында оқушыларға тек қана білім беріп қоймай, алған білімдерін өмірмен байланыстыра кез-келген жағдайда орынымен пайдалана білуге үйретемін.
Страницы: << < 1 | 2 | 3