Заманауи білім беру

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

технологиясын пайдаланамын,себебі бастауыш оқушыларын оқуға тек ойынмен қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды,баланың интеллектуалдық ой-өрісі тереңдей түсуіне,шығармашылықпен ойлауына алып келеді,білім сапасын арттырады. Келесі технологиялардың бірі "Дамыта оқыту технологиясы"-оның басты принципі-оқу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау,іздену,дербес жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Баланың ізденушілік-зерттеушілік қасиетін жетілдіреді
Сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін технологиялардың келесі түрі- деңгейлеп оқыту. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі оқушылардың
сабақ барысында бірнеше жұмыс жасауында . Өз бетімен жұмыс орындауға бейімделеді.
С. Н. Лысенкованың оза оқыту технологиясының мақсаты-барлық баланы табысты оқыту. Оқыту мына ерекшеліктерімен сипатталады : оқу материалдардың жүйелілігі,бірізділігі,саралау,әр оқушыға берілген тапсырманың қолайлылығы,қиын тақырыптарды бірітіндеп оңайлату,бірте-бірте толық дербестікке жету,сыныпта ынтымақтастық қарым-қатынас,оқушының қателігін ескерту,бірақ еш жазғырмау,білім,білік,дағдыны дамыта меңгерту,түсіндіруді қабылдау.
Білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік қана емес,елдің экономиялық та дамуының негізі ретінде танылған. Білім беру жүйесінің ең маңызды да күрделі сатысы- бастауыш сынып,сондықтан осы технологияларды пайдалана отырып,бастауыш сыныптарда білім сапасын көтеру білімнің басты негізі болып табылады.
Қостанай қаласы Ғафур Қайырбеков атындағы 9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жакаева Айслу Бурбаевна.




Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: