br/>2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен құрылыс фирмасы арасында шарт жасалады, ол шарт бойынша құрылыс фирмасы серіктестіктің кеңсесін жөндеуге, ал ол барлық қажетті материалдарды жеткізіп, жөндеу жұмыстарының ақысын төлеуге міндетті болады. Құрылысшылар өз уақытында жұмыстарды орындауға кіріседі, бірақ 15 маусымнан бастап барлық жұмыстарды тоқтатады, өйткені жүргізілген жұмыстардың ақысын төлеу үшін серіктестіктің қаржысы жоқ екендігі анықталады. Оның үстіне, серіктестік қажетті материалдарды жеткізіп бере алмай, құрылыс фирмасының материалдарын пайдаланып, жұмыстарды белгіленген мерзімде орындауды талап етеді. Аталған талапты фирма орындаудан бас тартады. Сонда серіктестік шартты бұзатынын жариялап, жұмыстарды аяқтау үшін басқа ұйымды шақырады, ал шығындарды өтеуді мердігерге жүктейді.
Қоғамның әрекеттері заңға сәйкес пе?
3. Қаржының жетіспеушілігіне байланысты акционерлік қоғамның бас директоры акционерлік қоғамның есеп шоты орналасқан банкпен несие шартын жасасады. Несие шартын қамтамасыз ету ретінде директор акционерлік қоғамның барлық тауарлық қорын кепілге салады. Оны біле салысымен акцияның 15 -нің иесі болатын акционер мәмілені жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз ұсынады. Талап акционерлер жиналысының шешімімен бас директордың мәміле жасау құқығы тауарлық қордың 25-іне тең сомамен шектелгенімен негізделеді. Жиналыс шешімімен аталған шектеу құрылтай құжаттарына енгізіледі де, тіркеледі.
Істі шешіңіздер? Егер несие шарты басқа банкпен жасалынған болса, шешім өзгерер ме еді?
ІV. Қорытындылау кезеңі
Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 > >>