Заңды білу - заман талабы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тәрбие сағаты: "Заңды білу- заман талабы"
Мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат беру; өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету; құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын және басқа заңдарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу; патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Қ Р Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер. (Слайд түрлерінде. )
Қанатты сөздер: "Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды"
Б. Момышұлы.
"Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз"
Н. Назарбаев.

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, қонақтар. Тәрбие сабағымызды мына қанатты сөздермен бастасам деймін: "Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды"
Б. Момышұлы.
"Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз"
Н. Назарбаев.
Мемлекетіміздің Ата Заңының 1-бабында "Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деген қастерлі сөздерді кіргізген. Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан, заңды білу - заман талабы.
"Заңды білу- заман талабы" атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Азаматтың міндеті

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: