Ұзақбай Қазжанұлы-120жыл

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жаңаөзен қаласы
9 орта мектебі
«Бекітемін» «Бекітемін»
9 орта мектептің 9 орта мектептің
МБТЖО: А. Қирабаева МБМЖО:Ж. М. Утебаева
«»2017ж. «»2017ж.
«Ұзақбай Қазжанұлына – 120жыл» атты тарихи-танымдық сазды кеш. . .
Дайындаған: Венера Жолмухамбетова
(9,10,11сыныптар)
19 қаңтар, 2017жыл
Сабақтың тақырыбы: «Ұзақбай Қазжанұлына – 120жыл»
Сабақтың мақсаты: 1. Маңғыстау өлкесінде туған ақпа-төкпе ақын-жыраулар, олардың
сөзін ел арасына таратушы небір термеші-жыршылар, бармағынан бал
тамған күйшілер, әншілер және билердің түйінді-тұжырымды сөздері
туралы білім –біліктіліктерін дамыту.
2. Асылдардың қалдырған өнерлерін және атадан балаға мұра болып
келе жатқан асыл нақыл сөздерін келесі ұрпақтың бойына сіңіріп,
ізгілікке баулу, айтылған ойлы сөздерін ардақтай тыңдап, ерекше
құрметпен есте қалдыруды әдетке, әдепке айналдыруға тәрбиелеу.
3. Оқушылардың бойындағы өнері мен дарынын дамыта түсу, ойларын
қорыта білуге машықтандыру, тіл байлығын байытуға, сөйлеу
мәдениетін жетілдіруге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, кітап, интерактивті тақта ,проектор, ақын-жыршы Ұзақбай Қазжанұлы туралы презентация(слайд),шарлар, буклет пен газеттер т. б.
Сабақтың түрі: Тарихи-сазды кеш
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
( Маңғыстау өңіріндегі ақын-жыраулар туралы мәліметтерді жеткізу)
Жүргізуші:
Арма ағайын!!!Бүгін беймәлім болған Маңғыстаулық ақын-жыршы Әлиев Ұзақбай Қазжанұлына – 120жыл толуына орай арналған тарихи-танымдық сазды кешке қош келдіңіздер!!!
Қазақ тарихында жырауларымыздың қоғам ортасында алар орны ерекше. Кешегі өткен дәуірдегі тілдері жүйрік арқалы жырауларымыздың жан жүрегінен шыққан төл туындыларына зерделей назар салар болса

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: