Ұзақбай Қазжанұлы-120жыл

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

қ олардың айтқан әрбір өсиет жырларының өткен заманда, өзге қоғамда өмір сүрген бұқараға айтылғанына қарамастан, нақ қазіргі уақытқа дейін өзіндік тәрбие-тағлымдық қасиеттерін жоғалтпай, керісінше бүгінгі және келешек ұрпағымыздың өмірлік рухани азығы болып келе жатқанын көреміз.
Тарихымызға зерделі көзбенен назар сала қарасаңыз, қай заманда да болмасын жыраулар елді бірлік пен ынтымаққа үндеп, халқымыздың рухын оятып, жұртшылықты тұтастыққа шақырып, ел мен жердің, отанымыздың, мемлекетіміздің тағдырына оң ықпалдарын тигізіп отырған. Түп тарихымыз танылған заманнан бергі қарай ата-бабаларымыздың ғұмырын сараптай қарасақ қарапайым халықтың ішінен шыққан арқалы жыраулардың қалың бұқараның алдындағы беделдері ел билеген әміршілер мен хан ағзамдардан да жоғары тұрғанын көреміз.
Олай болса, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші кезекті 9а сынып оқушысы Айбаров Нұрлыбектің орындауындағы «Адай»күйін қабыл алыңыздар!!!
Жүргізуші:
«Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен» Маңғыстау өлкесінде ХҮІІ ғасырдан бүгінгі күнге дейін тау өзеніндей тасқын жырларымен ақпа-төкпе ақын-жыраулар, олардың сөзін ел арасына таратушы небір термеші-жыршылар, бармағынан бал тамған, өнер төгілген күйшілер, ән әуенін алты қырдан асырған әншілер өткен.
Олардың ішінде күйшілер: Абыл Тарақұлы, Құлшар Бақтығалиұлы, Есір Айшуақұлы, Жолды, Әлмұрат Құлшарұлы, Төлеубек, Тұрарбек Қойшыбайұлы, Бекен Кендірбайұлы, Сәулебай, Арал Тағаниязұл, Өскінбай Қалмамбетұлы,Мұрат Өскінбайұлы, Шамғұл Ыбырайымұлы, Атанғұл Сүйесінұлы;
Ақын-жыраулар: Абыл Тілеуұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Қашаған Күржіманұлы, Аралбай Оңғарбекұлы, Өгізбай, Айтуған Тайұлы, Мұрын (Тілеген) Сеңгірбекұлы, Сәттіғұл Жаңғабылұлы, Түмен Балтабасұлы, Сүгір Бегендікұлы, Елбай Қосымбайұлы, Қалнияз Шоңқыұлы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: