Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Қандық бастауыш мектебі
Тақырыбы:
(жоғарғы сыныптарға арналған)
Дайындаған: Кстаубаева Айгул Абилтаевна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе?»
Мақсаты:
Бала құқықтары, оларды сақтау, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік, оларды жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.
Міндеттер:
Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы мен міндеті ұғымдарын меңгерту. Проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен шешуге үйрету.
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы кітапшасы, Бала құқықтары туралы Конвенция, Бала құқығын қорғау туралы тұжырымдама, халыққа құқықтық көмек «Бала құқығы» жадынамасы «Жеке бастың құқықтары туралы Билл» Құқықтық білім мен тәрбие сызбасы.
Дайындық кезеңі. Топтарға бөлу,оқушылар кабинетке кірерде түрлі-түсті қағаздарды таңдап алады, қағаз түсі оқушы қай столға отыратынын көрсетеді
Түрі: Тренинг сабақ, инклюзивті оқу
Өту барысы:
5 слайдта сабақ тақырыбы көрсетіледі.
Кіріспе.
Мұғалім:
Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш. Монтескье, И. Кант, Т. Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалар
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>