лса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Мұғалім:
Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек.
Мұғалім:
Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушылар:
І топ: "Бестік" тобы
ІІ топ: "Тапқырлар" тобы
Бағдарлама бойынша
1- кезең "Кел танысайық".
2 -кезең "Кім жылдам"
Қадірін білсең егер сен,
Қол ұшын берер ол саған
Есептеп жүрсең бәрін де,
Сүрінбейсің өмірде - дегендей сайысымызды
"Кім жылдам?" деген кезеңінен бастайық.
Сұрақтарға лезде жауап беру керек.
1. Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)
2. 120 минут неше сағатқа тең?(2 сағат)
3. Түйе 10 пұт жүкті 1 сағат бойы көтеріп тұрса, 1000 пұт жүкті қанша уақыт көтеріп тұра алады? (1 cағат)
4. 3 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (3мин)
5. 1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма? (тең)
6. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5 кг)
7. Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?(5)
8. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан неше жаста? (8)
3 - кезең. Қызықты есептер.
4- кезең. Жұмбақтар сайысы
1. Шекер жейтін ақ құтан
Бір қазыққа байланды.
Аузына тістеп шекерін
Ол қазықты айналды. (циркуль)
2. Атадан он баламыз,
Бір бір жастан арам
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>