Тақырыбы: "Қызықты қазақ тілі әлемі" (интеллектуалды сайыс)
Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.
Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, шет тілі, өнер,халық педагогикасы.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.
2) Әділқазылар алқасын сайлау.
3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.
4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.
Ойынға 2 топ қатысады. Ойын 7 айналымнан тұрады.
І топтың аты - "Тұлпар", ұраны "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар", таңбасы - аттың суреті.
ІІ топтың аты - "Домбыра", ұраны "Бабамның үні, бабамның тілі - домбыра", таңбасы - домбыра суреті.
І тур "Бәйге"
(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс. )
І топ "Тұлпар" тобына сұрақтар
1. "Термин" қай тілдің сөзі (латын тілі)
2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)
4. "Фразеология" сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)
5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)
6. Жалғаудың түрлерін ата. (көптік, тәуелдік, септік, жіктік)
7. Неше септік жалғауы бар? (7)
8. "Ақ киізге көтерді" мағынасы не? (хан
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>