н алынған, қандай дәстүр бар?) "Алпамыс батыр"жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу.
Балталы , Бағаналы ел, аман бол!
Бақалы, балдырғанды көл, аман бол!
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап-күліп, ер жеткен жер, аман бол!
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры, қоштасу.
Өлім деген тәңірі иесі,
Желіккен құлан әңгісі.
Құлан мен тұлпар желіккен,
Жосыған құлан желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп,
Жұлмалап жалмап кетіпті.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) "Ақсақ құлан Жошы хан" аңызы, естірту,
ҮІ тур "Жекпе жек"
(Әр топтың жетекшілері шығып берілген "қазақстандықтар" сөзіне бірнеше сөздер құрайды. )
(қазақ, ас, тақ, тас, тандыр, қазы, тары, арық, ар, ата, қаз, ара, нар, атан, тана, асық, ық, ыс, Қазақстан, тарақ, сандық, сан, қатар, қақ, ат, қасық, ана, зат, атыз, сатқын т. б. )
YII тур Ойынымыздың соңғы айналымы "Талапкер" деп аталады. Сендерге өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.
1. . . . өріп тараған,
. . . қараған.
Құрт пен майын жинаған,
. . . сыйлаған.
2. . . . қошақан ,
. . . қалмайды.
Сүп-сүйкімді момақан,
. . . аумайды.
Қорытынды: Сонымен біздің ойынымыз да өз шегіне жетті.
Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.
Страницы: << < 2 | 3 | 4