ыр едім, келе жатып адасып кеттім, сендер маған ормандағы әжемнің үйін табуға көмектесіндерші.
Тәрбиеші:Әрине көмектесіміз Қызыл телпек. Балалар біз Қызыл телпекке әжесінің үйін тауып беруге дайынбыз ба?
Балалар: Ия
Тәрбиеші: Олай болса бәріміз орманға саяхатқа барайық. Жолымыз алыс болмас үшін би билеп барайық ойын ойнап барайық.
Қызыл телпек: Алақай балалар мен ойын ойнағанды өте жақсы көремін. Бірақ біз қандай ойын ойнаймыз?
Тәрбиеші: Мына алдымызда көп шырша жаңғақтары жатыр екен олар түрлі түсті екен, сол жаңғақтарды көңілді әуенмен түстеріне сай жинаймыз.
Мысалы: Қызыл жаңғақтарды қызыл қорапқа саламыз,сарыны сарыға,ал көк түстіні көкке. Ол үшін біз үш топқа бөлінуіміз керек. Сарылар тобы көктер және қызылдар тобы. Ал сен қызыл телпек ойынын барысын қадағалап қарап тұр қай топ балалар жылдамдығын және де зейіндігін танытынын . Балалар мен сендерді үш топқа бөлемін. Содан сон әуен басталғанда көңілді әуенмен жаңғақ жинауға кірісеміз.
Балалардан сұрау олардың қандай түсті жаңғақ жинағандарын.
Ойын аяқталған сон балаларды мадақтау.
Тәрбиеші: Балалар біз шаршап қалдыққой шаршағанымызды басып дем алайық. Қане балалар шеңбер бойымен отырайықшы .
Қызыл телпек : Балалар қарандаршы менің қолымдағы не?
(Балалар жауабы)
Қызыл телпек: Дұрыс айтасындар балалар ол гүл, осы гүлді кімге ұсынамын сол бала тақпақ айтуы керек.
Қызыл телпек: Ой жарайсындар балалар . Енді ары қарай жүрейік.
Тәрбиеші: Орманға да жақындап қалған сияқтымыз.
Құстардың дауысы естіледі .
Тәрбиеші: Міне керемет мына ағаш сыйқырлы екен ,гүлдері өте әдемі екен. Ой балалар мына гүлде жұмбақ жасырынған екен. Қане жұмбақ шешейік.
Гүлден ұшып гүлге қонады,
Гүлбақшам гүлге толады( Көбелек. )
Жылт - жылт
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>