Қызыл телпек қонақта

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: "Қызыл телпек бізде қонақта"
Мақсаты: Балалардың сан және санау, геометриялық пішіндер, көлем, кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: сандар, әр түрлі фигуралар, мультимедиялық тақта, суреттер.


Қызмет кезендері

Педагогтің басқару іс-қимылдары

Балалар қызметі




1 кезең
уәждік-түрткі болу










Баланың әрекетке кірісуіне түрткі болу:
Әуен ойналады. Қызыл телпек кейпінде келіп, балалармен сәлемдесу.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Мені танып тұрсыңдар ма? Мен кіммін?
Проблемалық жағдай орнату:
-Иә, балалар, бүгін сіздерде қонақта Қызыл телпек. Сіздерден көмек сұрағалы келдім, менімен бірге әжеге бәліштер апаруға барасыздар ма? Маған көмектесесіндер ме?


Балалар сәлемдеседі, тәрбиешінің кім екенін айтады:
-Сәлметсіз бе?! Иә, Қызыл телпек!


Балалар Қызыл телпекпен бірге көмекке дайын екендерін айтады.



2 кезең
проблемалық-ізденістік














Балаларды проблеманы шешуге бағдарлау:
-Ендеше, мына анам пісірген бәліштерді санап, ретімен себетке салайықшы. Қане, кім көмектеседі? Мында қанша бәліш бар?
Бәліштерді себетке салғызу: 1-ден 10-ға дейін ретімен, тура және кері санау.
-Рахмет, балалар! Міне, бәліштеріміз дайын. Енді жолға шығуға болады.
Осы кезде қасқырдың дыбысы естіледі.
-Балалар, мынау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: