з.
2-ойын: Ал енді келесі ойнайтын ойынымыз «Жаяу көкпар» - ойыны.
Кызыл жалау. Қазақта нағыз көкпардан бөлек есек көкпар және жаяу көкпар ойындары да бар. Есек көкпар - балалардың ойыны. Әлі үлесіне тай тимеген балалар ағаларына еліктеп, бұйырған есекке мініп, қолдарына түскен теріні не кез келген затты тартысып ойнаған. Бұл - шын мәніндегі көкпарға жатпайды. Сонымен бірге жаяу көкпар ойыны бар. «Ұлттық ойындар» еңбегінде баяндалғандай, «Бұл ойын жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50-60 метр, көлденеңі 25-30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын дөңгелек шеңбер сызылады да, ішіне құм түйілген ақ шүберек қойылады. Алаңның екінші шетінен де сондай сызық сызылып, оны көмбе деп белгілейді. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды жүргізу үшін екі топқа ортақ бір басқарушы тағайындалады. Орамал жатқан және көмбе етіп белгіленген жерде екі ойыншы бақылаушы болып тұрады. Басқарушының берген белгісі бойынша ойын басталады. Әр топтың ойыншысы құм түйілген шүберекке бұрын жетіп, оны көмбеге жеткізуге тырысады. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ, одан шүберекті алып, өздері апаруға тырысады. Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының көмбеге бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды. Көмбеге белгіленген мерзімде жеткізген ойыншы ұпайды көбірек алады. Ойынға допты да пайдалануға болады. Ойын жастардың дене күшін, жүгіру қабілетін жетілдіріп, денелерін шыңдап, денсаулықтарын жақсарта түседі». Жаяу көкпарды Америка футболы немесе регбиге ұқсататындар көп. Аса үлкен айырмашылығы жоқ. Әлбетте, Америка бұл ойында көшпелі халықтан көріп алд
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>