Қызы батыр ел - ұлы ел

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ал бұлақта
Әлия деп сайрайды бұлбұл бақта.
Көтеріліп күн көзі Әлия деп,
Әлия деп ай туады біздің жақта
Батырлықтың үлгісін бастады да
Жарқырады Шолпандай аспаныма.
Жалғасытыр деп ұрпаққа ерлігімді
Өзі өтті өмірден қасқағымда
4 - оқушы.
Соғыс басталғанда ол небәрі 17 жаста болған екен. Сол кезде майданға өзі сұранып, атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді. Майдан даласында: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде? деген сұрақтарға -
Мен Молдағұловамын. Қазақстандықпын. Жасым 17 - де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгелрік тапсырманы орындауға дайынмын. Керек болса, Москва қорғағанда өлген біздің 28 бауырлар сияқты өлеміз, Отан үшін:
5 - оқушы:
Отан!
Отан!
Сен болмасаң не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансызжан өмірінде оңбайды
Өзін - өзі қорлайды да сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы!
6 - оқушы.
Күн көреді,
Әкесіз де анасыз,
Өмір сүрер
Әйелсізде баласыз,

Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе?
Отанның сен не екенін?
Екі Отан жоқ
Жалғыз Отан - мекенің.
Хор: "Қазағым елім менің"
7 - оқушы:
Әлияның Сапураға 1943 28 июльдегі жазған хаты.
Сәлем!
Қайырлы таң, қымбатты Сапура!
Менің хатымның саған қашан жететінін білмеймін, бірақ сонда да өзімнің жауынгерлік өмірімдегі соңғы жәйтті хабарлауға асығамын. Қазір мен жол үстіндемін, ладыңғы күні атанғанбыз, бүгін, сірә, көздеген жерге кетіп қалармыз деп ойлаймын, бірақ бұл аса анық емес. Қайда бет алғанымды өзің былайша да түсінесің ғой деп ойлаймын. Бірақ, сенен бұл жөнінде қынжылмауды өтінемін, неге десең мекте

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: