ьники қалаларында әли Молдағұлова атындағы мұражайлар, көшелер бар.
Болса да күткені таң, аңсары - нұр,
Он тоғыз жаспен бітті барша ғұмыр
Он тоғыз жас тағы сол Әлияны
Күтумен сарғайды бел, шаршады қыр.
Сағынса жер шалғында, аспан - қазды,
Күтті ол бейбіт сәуле шашқан жазды,
Алия майдандағы ерлігімен
Он тоғыз жас туралы дастан жазды.
Оранды жайсаң күндер, тұнықтаңдыр
Есімін батырлардың, ұлықтардың
Он тоғыз жас толған балғын ұрпақ
Салмағын он тоғыздың ұмытпаңдар
17 - оқушы:
Әлияның туған жеріндегі мұражайында 198 жылы 15 тамызда Дінмұхамед Қонаев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың қалдырған қолтаңбаларында мынадай жолдар бар:
"Әлияның жарқын өмірі, Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, туған еліне деген зор махаббаты халқымызға, барлық ұрпаққа үлгі өнеге. Ол жастарды ерлікке, Отанын сүюге тәрбиелейді".
Бұл сөздердің маңызы бүгін де кеміген жоқ.
17 - оқушы:
Ғасырлардың қойнауында адасқан,
Ашылғандай қазақ үшін ақ аспан
Егеменді ел болуға бекіндік,
Сәтті жылы дәуір бастап, бақ ашқан.
Бүгінде бар армиясы айбынды
Қазақ жерін қорғайды олар байырғы.
Сарбаздар мен сардарлары Сайма - сай,
Болдырмайды қасірет пен қайғыңды.
Сынып жетекші:
Бүгінгі әлем таныған Қазақстанның тәуелсіздігін көздің қарашығындай қорғау - әрбір азаматтың парызы. Өмір бар жерде Талас - тартыстың болмай тұрмайтыны сияқты, ерлік өлшемі Отанды, досты, болашақты Әлияша сүюден басталады.
Әлия - өмір ерліктерден құралған,
Тарихүшін қас - қағым сәт мұң алған.
Сан ұрпақтар үлгі етеді оны әлі,
Ерлігімен елдің атын шығарған.
Страницы: << < 4 | 5 | 6