Қыз-ұлттың ұяты

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Тақырыбы: Қыз – ұлттың ұяты
Мақсаты: қыздарды өнегелі,тәрбиелі болуға үндеу,жаман әдеттерге тосқауыл берулеріне тәрбиелеу,жыныстық тәрбие туралы мағлұмат беріп,сауаттандыру
Формасы: дөңгелек үстел
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация,видеоролик,суреттер.
Қатысушылар: 8-11 класс оқушы қыздары мен сынып жетекшілері
Өтетін орны: акт залы
Уақыты: 16. 00
Барысы:
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Жақсы қыз ел-жұртының сақтар салтын
Күлсе де, сөйлесе де көпке ұнап,
Көрікті күте білер сыр-сымбатын.
Идеал саналатын кешегі қазақ қызының толық бейне-болмысын басынан (басындағы тұлымы мен қос бұрым қолаң шашынан бақайындағы қара тырнағына дейін, киген киімі, тағынған әсем заттарына дейін түгел) көркем суреттейтін сөздер мен (мысалы, Ақ тамақ, алма мойын, жазық маңдай. . . сияқты) теңеу-эпитеттер, қалыптасқан санаулы фразеологизм, мақал-мәтел түріндегі (Қыз кеткен соң ауылдан қызық кетер, тараған жәрмеңкенің базарындай, Қараша үйде сұңқар бар – ораздыға кез келер, Судың алдын шым бөгейді – даудың алдын қыз – бөгейді, Қыз –қылығымен сүйкімді, Қыз қырық шырақты, Гүл өссе жердің көркі, Қыз өссе – елдің көркі, Қыз-қонақ, Қыз қылығымен жақсы, Қыз – жат жұрттық, Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық т. б. ) тұрақты тіркестер жатады.
Қыздың қасиеті ар, намыс, ұятында!
Қазақ қауымында қыз баланың орны айырықша болған. Оны мынадай мақал-мәтелдерден анық аңғарамыз. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Осы себепті де барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісімер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.
Ал,бүгінде қоғамда түрлі өрескел жантүршігерлік оқиғаларға куә болып. қыздарымыздың түзу жолдан тайып бара

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: