Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты:
1. Білімділік: Мамандық түрлері туралы түсініктерін кеңейту. Мамандық иелері және олардың құралдарымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Сөздік қорларын молайту, тілдерін жаттықтыру.
3. Тәрбиелік: Өз ойларын толық жеткізе білуге, еңбекке құштарлықтарын оятып, үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Аспазшы, дәрігер, құрылысшы, дүкенші, шаштараз, олардың құралдары, суреттер, аудио дыбыс.
Оқу іс - әрекеттің түрі: Саяхат
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: Стетаскоп, дәке, дүкен, аурухана, шаштараз, аспазшы, құрылысшы.
Пәнаралық байланыс: Әлеумет, таным, шығармашылық.

Оқу іс - әрекеттің барысы:
І. Кіріспе бөлім
Шаттық шеңбері:
Атам менің күйші
Апам менің биші.
Асқан шебер жанұямда
Анам бар тігінші.
Әкем болса ұста
Үй салады қыста.
Үйде өзім жалғыз қалам
Бәрі де жұмыста.
- Балалар, өз отбасыларын туралы білесіңдер ме? Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
- Ата, әже, ана, әке, аға, іні, қарындас.
- Балалар мен сендерге үйден аналарын, әкелерін қайда жұмыс істейтінін біліп келуді тапсырған едім. Кім айтып береді?
- Менің анам - мектепте мұғалім
- Менің әкем - жүргізуші
- Менің анам - базарда сатушы
- Менің әкем - полицей болып жұмыс істейді.
- Ендеше балалар біз бүгін анамыздың, әкеміздің мамандығымен толығырақ танысу үшін мамандықтар әлеміне саяхаттап барамыз.
- Балалар мамандықтар әлемі алыста екен сондықтан бізге саяхатқа бару үшін не к

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: