Қысым. Қысым аспаптарының жұмысы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

. Кіріспе
Қысым деп дене бетінің қандай да бір бөлігіне бағыт бойынша, осы бетке перпендикуляр, әсер ететін күш қарқындылығын сипаттайтын шаманы айтады. Халықаралық бірліктер жүйесі бойынша қысымның өлшем бірлігі Па (паскаль) 1 Па1 Н/м2 . Паскаль- біркелкі орналасқан 1м2 беткі ауданға түсетін 1Н күш.
Қысымды өлшейтін аспаптар әрекет принципі мен өлшейтін қысымның түріне қарай жіктеледі. Барометр (гр. baros -- ауырлық және metreo -- өлшеймін) -- атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны -- сынапты барометрлер. Олар ыдыстарының пішініне қарай табақшалы (а), сифонды (ә) және сифонды-табақшалы (б) болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекеті атмосфералық қысымның барометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі -- 1 Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барограф қолданылады. Манометр -- сирек, тығыз емес -- сұйықтық пен газ қысымын өлшеуге арналған прибор. Манометрлердің көптеген түрлері бар,мысалы,дифманометр,сфигманометр,бурдон манометрі,қарапайым ашық сұйық манометр,т. б. . Атмосфералық қысым барометрмен, нөлге жуық қысым вакуумметрмен өлшенеді. Манометр шкалалары әр түрлі бірліктерде (кгк/м немесе кгк/см, бар, мм сынап бағаны, мм су бағаны, т. б. ) градуирленген. Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) қысым бірлігіне паскаль (Па) алынған. Жұмыс істеу принципі мен сезімтал элементінің (алғашқы түрлендіргіштің) құралымына байланысты манометрлер сұйықтық, піспектік (поршенді), деформация немесе серіппелі (түтікті, мембраналық, сильфондық) болады. Техникада көбінесе сұйықтың, газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін металл манометр қолданылады, кейде оны Бурдон манометрі деп те атайды.

1 Негізгі бөлім
0. 1 Қысым және оны өлшейтін аспап түрлері
Қысым деп дене бетіні

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: