Қысқы серуен

Страницы: 1 | 2  >  >>

Күні: 20 жыл ""
Білім беру саласы: Таным
Оқу іс - әрекеті: Жаратылыстану
Тақырыбы: "Қысқы серуен"
Мақсаты: 1. Қыс мезгілі туралы түсінік беру.
2. Сөздік қорларын дамыту.
3. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қыс мезгілі бейнеленген суреттер.
Сөздік жұмыс: қар.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың
іс - әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Балалар шеңбер бойына тұрып, төмендегі өлең жолдарын
айтып, қимылдар жасайды.


Ұйымдастыру -шылық - ізденушілік
Жұмбақ жасыру:
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады.
Ол не екен балалар? (Қар)
- Терезеден жан - жақтарыңа, үйлердің төбесіне, ағаштарға, жолдарға қарасаңдар, барлығы ақ ұлпа қар жамылған.
- Қардың түсі қандай?
- Қарды тағы қандай деп айтуға болады?

Блингвальды компонент: қар - снег.
- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінде "Қар" өлеңін мәнерлеп оқимыз:
Аппақ, аппақ дала,
Аппақ ауыл, қала.
Жапалақтап ақша қар,
Жауа берсін, жауа.
Көңіліміз қаласа,
Сыртқа шығып таласа.
Қар атысып ойнаймыз,
Қысты күні тамаша, тамаша.
Суретпен жұмыс:
- Қыс мезгілі. Дала аппақ қар. Балалардың барлығы қыс қызығына тоймай, далада сайран құрып ойнап жүр. Бір топ бала шанамен сырғанап жүрсе, тағы да біреулері қармен атысып ойнап жүр. Ал кейбіреулері аққала жасап жүр.
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Сарт - сарт - сарт,
Шапалақ соғамыз.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ - т

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: