Қыста туылған бір досыма туылған күніне естелік. . .
Кейде қарлы, кейде боран қыс айында тұрақ жоқ,
Бірақ сені туылған күнің жылда өтеді шуақ боп.
Жұмсақ мінез, жібі түзу, жөн білетін дарасың,
Ашуың аз, ақылың мол, бойында сенің куат көп.
Бір нұр бар көкке қарай өрлейтұғын,
Намыс туын ешкімге бермейтұғын.
Ақ тілекті мен өзіңе арнасам,
Тілектерім мәңгілік өлмейтұғын.
Бақыт, денсаулық, махаббат басты тілек,
Кетпесін басымыздан бақ пен дәулет.
Кешсекте қаншама қиын күндер,
Адалдық арамызда басты міндет.
Таусылмайтын шуақты күн көп болсын,
Сарқылмайтын сәттеріміз мол болсын.
Бақыттың ұшып барып мол жеріне,
Тұрақтайық сол бақыттың төріне
Көкке жанған жұлдыздың келбетіндей,
Асқақтасын беделің өшпестей.
Саған арнап мол бақыттың тізбегін,
Байлап қоям сенен мәңгі кетпестей!!!
Страницы: 1