мыз.
Мынандай бір мәселе болып тұр. Мұқият тыңдаймыз. "Дастан мен Асан өзен жағасында кітап оқып отыр еді. Дастан кітапты жағадагы тас үстіне қоя бергенде, кітап суға түсіп кетті де, жоқ болды.
- Кітапты сен түсірдің, сен кінәлісің, - деп ашуланды Асан.
- "Кітапты алмай-ақ қояйық" дегенімде сен болмап едің, ендеше сен кінәлісің, - деді Дастан ренжіп.
Осы дауды қалай шешер едіңдер? Ескерту. Мұғалім бүгінгі сабақтың алдын ала дайындыгын жасау үшін бірнеше күн, тіпті апта бұрын балаларға билер киетін қалпақ жасауды тасырады. Бұл қалпақ үшін сайыс ұйымдастырылады. Шарты:
1. Қалпақ қалдық заттардан жасалуы керек. Яғни, қымбат мата, материалдар алдан жасауға болмайды.
2. Қалпақ маңдайына бидің аты жазылады. Мысалы, "Асан би". Оқушылардың төрелігін тыңдау.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Ал он үш жастағы Балаби шешеннің осындай даулы мәселені калай шешкені сендерді қызықтыра ма? Онда шешендік сөзді: (1) іштей оқимыз (2) мазмұнын түсініп, әңгімелеуге дайындаламыз.
Оқушылар мәтінді оқып болған соң, мазмұнын әңгімелетуге де, әңгімелесуге де болады. Сіз қайсысын таңдайсыз:
Ойтолғау.
Бала би мен Сырымның шешендік сөздерінен кейін сабақтың басында айтқан кітап мәселесіндегі шешімдеріңді өзгертер ме едіңдер? Мүмкін кітаптың ағып кетуіне үшінші біреу кінәлі шығар? (Оқушыларға ойлануға мұрсат беру. Егер үшінші біреу - жел немесе тас кінәлі болса.
Қазақ халкы осындай асыл сөздерге кұлак түріп, жаттап алып, ауызша таратқандықтан, бұл сөздер ауыз әдебиетіне жатады.
Сабақ басындағы "Сөз" топтамасына қайта оралып, асыл сөздің құнына қорытынды ой айтылуы керек. (Яғни, сөз-асыл, ойлы, жұмбақ, терең ойлы біз ойлағаннан да қиын).
Шешендердің сөздерінен үйге жаттауға тапсырма беруге бо
Страницы: << < 42 | 43 | 44 | 45 | 46 > >>