Қысқа мерзімді жоспар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>



Қазақтың үш қасиетіне қарай топқа бөлініп отыруға ұсыныс жасалады.
-батыр-қонақжай-өнерлі
Оқушылар өз аттарына сай қасиеттерін топпен, шығармашылық түрде көрсетеді. Мысалы,1 -топ батырлықты дәріптейді.
2-топ қонақжайлықты (өз қалаулары бойынша) кез келген түрде көрсетеді, дәріптейді.
3-топ өнерлерін көрсетеді.
Оқушылардың пікірлері тыңдалып, қорытындыланады. Мұғалімнің балалардың сәл болса да талпынысына қолдау көрсетуі керек. Осы арқылы баланың бойында өзіне деген сенім ұялай бастайды. Өзінің шығармашылық мүмкіндігінің бар екенін сезіну ары қарай да оларды қанаттандырады.
-Балалар, сендердің де осындай нағыз қазақ болатындарыңа мен сенің тұрмын.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
- Ақын Күләш Ахметова " Қазағым менің" деген өлең жазған екен, -деп, автормен таныстырып өтіп, сабақты жалғастыру.
Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып беру.
- . Өлеңде қазақ халқының өткен өмірі туралы не айтылған?
- Халықтың Отанына деген сүйіспеншілігін қалай суреттеген?
- Ақын қазақтың қандай қасиеттерін мақтан етеді?
Осы сұрақтар талданған кезде сабақ басындағы топтауға қайта оралып, ақынның көркемдеуіш сөздері қызыл маркермен жалғастырылып жазылады. Топтауға үңіле түсіп, балалардың сөздерімен синоимдес болған ақынның ойларын табу. Мысалы, оқушы: " батыр" десе, ақын: "жауынгер" деген екен. . . Бұл арқылы балалардың сезімдері ақынның ойына жақын екенін сездіру, байқату. Қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде оқушы үзінділер оқып, пікірлерін дәлелдеу керек.
III. Қорытынды.
Жұмысты қорытындылай отырып, туған жер, қазақ халқы туралы жазбаған ақындар жоқ дей келіп, Қадыр Мырза Әлидің " Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру" өлеңінен үзінді алып, интерактивті тақтаға немесе п

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: