и, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т. б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. "Ойы саяздың, тілі саяз" деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.
Д. Б. Элькониннің айтуы бойынша Балалық дәуір - мектепке дейінгі және кіші мектеп - балалық шақта бірімен-бірі тығыз байланысқан кезең. Шет елдерде балаларда бұл кезеңде (6-7 жас), тек жаңа психологиялық түзілулер пайда болып, дамудың қоғамдық жағдайы ғана өзгеріп қоймайды, сондай-ақ, әрекеттің жетекші түрлерінің ауысуы жүреді: ойын әрекеті, оқу әрекетіне орын береді. Бірақ, мектеп табалдырығын аттаған оқушылар, ойын ойнауды тоқтатуын білдермейді. Ойын олар үшін бұрынғыдай өзінің тартымдылығын жоғалтпайды, және өмір
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>