Қыс қызығы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Білім саласы: "Қатынас"
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қыс қызығы
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорын байыту. Сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Қысқы ойындарды әңгімелеп айтуға баулу.
Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету
Дамытушылығы: Табиғат көрінісін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Бір - біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, жұмбақ шешу, тапсырмалар орындау ән айту.
Көрнекілік: Қыс суреттері, аққала, қағаз, қарлар, ойын суреттері.
Пәнаралық қатынас: Сауат ашу, математика, музыка.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің барысы:
- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Қане орнымыздан тұрып апайларға амандасып алайық.
Шаттық шеңбері
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!
І. Кіріспе бөлім
Жұмбақ шешу:
Көзіңе көрінбейді,
Тоңдырып қызартады.
Күні - түні ерінбейді,
Өзенге мұз артады. (Аяз)
- Балалар аяз жылдың қай мезгілінде болады?
- Қыс мезгілінде болады.
- Қыс мезгілі қандай болады?
- Салқын болады, беті - қолымыз тоңады. Қар жауады, боран болады.
- Ендеше, боран сокканын қимылмен қалай көрсетеміз?
- (Қолдарын көтеріп, гуілдейді).
- Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
- (Алақай деп қолдарын көтереді)
- Жарайсыңдар осындай тамаша көңіл күймен орманға барғыларың келе ме?
- Иә, барғымыз келеді.
- Қане, бәріміз көзімізді жұмайық.
(Балалар көздерін жұма

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: