з
Таудан төмен сырғанап
Біз тебеміз сырғанақ.
Тимур:
Аулаға қар үйгізді,
Бетті аязға сүйгізді.
Тоңбасын деп теректер
Қырау ішік кигізді.
Айнұр:
Біз батыр баламыз,
Жылы үй - қорамыз.
Ақ ұлпа қарыңнан
Аққала саламыз.
Жансая:
Келді - дағы қыс
Дала аппақ түс
Қос аяқта шаңғымыз
Дөңге шықтық бәріміз.
Санжар:
Ағаштардың жапырағын
Ашулы жел тонайды.
Ақ жамылған атырабым
Қар борайды, борайды.
2- тапсырма: Дидактикалық ойын: "Қайсысы артық?"
Ойын шарты: Балалар артық затты тауып алады.
2- тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастыр
3- тапсырма: Санамақ айта аласың ба?
Санамақ айту.
Н. Саяжан:
"1" дегенім - бөрік,
Кисең бойға көрік.
Расул:
"2" дегенім - етік,
Киер сәнді етіп.
Аружан:
"3" дегенім - ішік,
Теріден тігер пішіп.
Еркебұлан:
"4" дегенім - тымақ,
Қыста кисең жылы - ақ.
Мирас:
"5" дегенім - байпақ,
Іші жылы тайпақ.
Нұргүл:
Буынғаным -Бір белдік,
Мұны, қане,Бір делік.
Екі қолғап,Бір шалбар
және үстімде бір тон бар.
Барлық бала кимей ме:
Екі шұлық,Бір жейде.
Оған енді тосылмай,
Екі етікті қосыңдар.
Он болды ма барлығы,
Еске сақтап қал мұны!
4- тапсырма: Шығармашылық жұмыс "Аққала жасау"
- Ой, қандай керемет! Енді бәріміз "Көңілді қыс" әнін орындайық.
Күтілетін нәтиже:
Білуі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажыратып, атай біледі
Меңгеруі: Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды, сұраққа толық жауап беруді үйренеді.
Жасай алуы: Бейнелі суреттерді құрастырып, қардың бейнесін саусақпен салады.
МКҚК «Ер Төстік» балабақшасы
«Қыс қызығы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>