Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Топ: 
Білім беру саласы: Шығармашылық, Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Сөйлеуді дамыту, сурет салу
Тақырыбы: Қыс қызығы
Мақсаты: Балаларды табиғатты тамашалап, қыс қызықтарын айтып беруге үйрету. Сөздік қорларын, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгіліне байланысты суреттер, пано, үлестірмелі материалдар. 
Сөздік жұмыс:
Үштұғырлық:қыс-зима-winter
 Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
 Педагогтің іс-әрекеті
 Балалардың іс-әрекеті
 Мотивациялық-қозғаушылық
 Шаттық шеңбер:
Балаларға жүрек,қол алысу, күн,смайлик суреттерін көрсете отырып іс-әрекет жасатады. 
 
 
 
Балаларды 3 топқа бөлу: 1 топ -Шана
2 топ-Шаңғы, 3 топ-? 
Жүрек- қатар тұрған екі бала бір-бірін құшақтайды; қол алысу- амандасады, күн-қолдарын аспанға көтереді, смайлик-бір-біріне қарап жымияды. 
 Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар біз бүгін тауға саяхатқа шығамыз. Тауға шығу үшін алдымызда үлкен белестер тұр, олардан өту үшін көптеген тапсырмаларды орындауымыз керек. 
-Бірінші қақпадан өтуіміз керек. 
Суретпен жұмыс. 
1тапсырма "Шырша құрастыру"
Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін, қол маторикасын дамыту. 
Барысы: балалар берілген Фребельдің үшбұрышты фигураларынан шырша құрастыру. 
-Балалар біз не құрастырдық?
-Қандай пішінді пайдаландық?
-Неше үшбұрышты қолдандық?
Жарайсыңдар балалар шыршаны әдемі етіп құрастырдыңдар. Бізге қақпа ашылды. Ендігі белес орман. Орманнан өту үшін мына жұмбақтарды шешуіміз керек. 
2 тапсырма
-Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
-Шелек қалпақ ба
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
