Төлеубаева Айгүл Астанқызы
қазақ тілі мен қазақ әдебиет пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қыс. Көптік жалғау.
Қазақ тілі сабағы. 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың "Қыс" тақырыбына байланысты сөздік қорын байыту, сөздерді дұрыс айтуын талап ету.
2) Дамытушылық: тез ойлау, сауатты жазуды дағдыландыру, сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгілі ,компьютер, интерактивті тақта, түрлі - түсті фломастер, ватман,үлестірме қағаздар.
Әдіс - тәсілдер: жұптық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ал, балалар бүгінгі сабақ басталмай тұрғанда сендер қазір қай көңілде сабаққа келгендерінді смайлик бойынша көрсетесіңдер. Сабақ аяғында көңілдерін өзгерсе, смайлик бойынша көрсетесіңдер.
I Ұйымдастыру кезеңі: (сабаққа психологиялық дайындық)
"Шаттық шеңбері" тренингі ұйымдастыру. Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі.
Қайырлы күн, жер ана,
Қайырлы күн ,көк аспан
Қайырлы күн, балалар
Қайырлы күн, мұғалімдер!
-Біз бүгін топтық жұмыс істейміз. Ал, қазір сендер "Түрлі-түсті жапырақтар" арқылы 3 топқа бөлінесіңдер. Кімде жапырақ қандай түсті, сол топқа отырады. Мысалы, сары түсі- Күз мезгілі, жасыл түсі-Көктем мезгілі, қызыл түсі - Жаз мезгілі.
1 топ-Күз мезгілі
2 топ - Көктем мезгілі
3 топ-Жаз мезгілі
Бүгінгі сабақта сендер балалар өз білімдеріңді өздерің бағалайсыңдар. Әр оқушының бағалау парағы бар және әр топта бағалау критерийлері жатыр. Сол критерий бойынша өз бағалау парақтарын толтырасыңдар. <
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>