УДК 666. 969:25. 8
Имангалиева А. У. , студент
Сатаева С. С. , х. ғ. к.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қаласы, Қазақстан Республикасы
«РЕЗЕҢКЕ ТЕХНИКАЛЫҚ БҰЙЫМ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЖОЛ САЛУҒА АРНАЛҒАН АСФАЛЬТБЕТОН АЛУДА ҚОЛДАНУ»
Аннотация
Автокөлік шинасын қайта өңдеу арқылы алынған резина ұнтағын жол құрылысында асфальтты бетон өндіруде қолданады. Қолдану нәтижесінде асфальт бетонның эксплутациялық қасиеті жақсарып, пайдалану мерзімі артады.
Кілт сөздер: автокөлік шинасы, резеңке техникалық бұйым қалдығы.
Кез-келген мемлекеттің дамуы көлік жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Өйткені жол жоқ жерде қайнаған өмір де жоқ.
Қазақстан Республикасында тас жол арқылы қатынау кеңінен қолданылады. Алайда, қатынас саласында аса маңызға ие тас жолдың сапасы шетелдік жолдарға қарағанда әлдеқайда төмен. Өйткені, елімізде жол сапасын тексеретін мамандар мен заманауи технологиясы бар зертханалар тапшы. Ал шетелде тас жол жасаудың озық технологиялары және жол салуға қажетті сапалы материалдар қолданылады.
Сондықтан жолдың сапасын жоғарылату үшін сапалы және тиімді жол бетон қоспасын өндіру қажет. Ол үшін заманауи технологиялы жол бетон зауыттары мен жергілікті ресурстарды қолдану керек. Жергілікті ресурстарды қолданудың алғашқы қадамы – өңірдегі зиянды қалдықтарды қайта өңдеу арқылы өзге өндіріске шикізат ретінде кәдеге жарату. Сондай қадамдардың бірі - автокөлік шинасын қайта өңдеу арқылы алынған резина ұнтағын жол құрылысында асфальтты бетон өндіруде қолдану.
Негізінен Қазақстанның климаты континентальды, яғни температураның өзгеруі кең ауқымды алады. Мұндай өзгеріске дәстүрлі жолмен дайындалып жүрген асфальтты бетондар шыдамай, оларда түрлі деформациялар мен сызаттар пайда болады. Оны шешудің персп
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>