.
Жарайсыңдар, балалар! Біз Әйгерімнің туған күніне достарының қалай дайындалғандығы және қандай сыйлық жасағандығы туралы білдік.
Сергіту жаттығуы.
Балалар, енді М. Жаманбалиновтың "Бөбек жыры" өлеңін жаттап алып, Әйгерімге айтып берейік.
Бөбек жыры
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Еш уайымды білмейміз.
Өлеңді оқиды.
Жарайсыңдар, балалар, өлеңді жаттап алдыңдар. Әйгерім сендерге өте риза болды. Біз де әр жыл сайын өз туған күнімізді достарымызбен, ата-анамызбен атап өтеміз. Балалар, бір-біріңізді осындай қуанышты күнмен құттықтауды
ұмытпаңыздар.
Туған күнің құтты болсын, Әйгерім!
Қонжық, көжек, күшік бар.
Әйгерім - өте әдемі қуыршақ. Ол әдепті, ұқыпты.
Әйгерімнің үстіндегі ақ гүлдері бар қызыл көйлегі өзіне жақсы
жарасады.
Әйгерім бүгін шаштарына әдемі бантиктерін тағып келіпті.
Қолында сәнді сөмкесі бар.
Аяқтарында жылтыраған туфлиі бар.
Мен күшікті жақсы көремін.
Өз ойынан әңгіме құрастырып айтады, осылайша балалар қонжық болып, көжек болып әңгіме құрастырады.
Сергіту сәтін орындайды.
Өлеңді қайталайды.
Тәрбиешінің көмегімен өлеңді жаттауға кіріседі
Рефлексті - коррекцялаушы
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорытындылау мақсатында балаларға сұрақтар қою. Балаларды мадақтау.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Өзінің ойыншықтары туралы айтып бере білуі керек.
Болуы керек: Қуыршақты сипаттай білуді игереді.
Қолынан келуі керек: Өз ойын дұрыс жеткізе білді.
Страницы: << < 1 | 2