Әйгерімнің туған күні

Страницы: 1 | 2  >  >>

Білім беру саласы: "Коммуникация"
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: "Әйгерімнің туған күні" (шығармашылықпен әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Балаларды ойыншықтар туралы түрлі оқиғалар айтуға баулу. Өз ойын дұрыс қалыптастыру, жеткізу қабілеттерін дамыту. Балалардың шығармашылықпен әңгіме құрастыруға қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: ойыншықтар - қуыршақ, көжек, күшік, қонжық.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, әңгіме құрастыру, өлең жаттату.
Сөздік жұмыс: жақсы тілек, әдемі сыйлық, құттықтау

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері.
Тәрбиешінің үстелінде қуыршақ Әйгерім отыр. Оның жанында қонжық, көжек, күшік бар. Балалар ойыншықтарға қарама-қарсы жарты шеңбер жасап отырады.
Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрады.
Іздену - ұйымдастырушы











Балалар, бүгін біздің сүйікті ойыншығымыздың бірі - Әйгерім қуыршақтың туған күні.
Қане, барлығымыз бірге оны туған күнімен құттықтайық.
Әйгерімнің туған күнін тойлайтын достары өте көп.
- Қараңдаршы, Әйгерімнің қасында қандай ойыншықтар бар?
Олар Әйгерімнің туған күніне не сыйлар екен? Сендерге айтты ма?
Балалар, Әйгерім - туған күн иесі. Сондықтан оған бүгін жақсы тілектер айтып, шын көңілімізбен әдемі сыйлықтар сыйлауымыз керек. Әйгерім туралы не айтасыңдар?






Әйгерімнің достары күшік, көжек, қонжық туған күнге қалай дайындалды?
Кәне, балалар, ойланыңдаршы.
- Арслан, сен қай ойыншықты ұнатасың?
Мақсат, күшікті қолыңа алып, оның Әйгерімнің туған күніне қалай дайындалғандығы және қандай сыйлық жасағандығы туралы айтып берші

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: