Ұйымдастырылған оқу қызметінің картасы
Күні: 12. 10. 2020 жыл
Өтпелі тақырып: "Менің отбасым"
Білім беру аймағы: Қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Сабақтың тақырыбы: "Үйдегі қауіпсіздік"
Сабақтың мақсаты: Қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Тілдерін дамыту.
Құрал-жабдықтар: суреттер, қауіпсіздік белгілері.
Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеттері
Кіріспе бөлім
Шаттық шеңбері:
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарқын күн!
Армысың, абзал Адам!
Армысың, менің Досым!
Негізгі бөлім
Балалар бүгінгі оқу қызметімді сұрақ қою арқылы бастағым келіп отыр.
- Айтыңдаршы топ ішінде жүгіруге болама?
-Неге жүгіруге болмайды?
-Үстел үстіне, терезе алдына шығуға болама?
Неге шығуға болмайды?
-Есікпен ойнауға болама?
-Не үшін болмайды?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Құлап немесе қолымызды есікке қысып жарақаттанбау үшін, біз қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек.
-Ендеше бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: "Үйдегі және балабақшадағы қауіпсіздік" "Қауіпсіздік" дегеніміз балалар, өзіңді қорғау және сақтау дегенді білдіреді. -Ал енді өзімізді қалай қорғап, сақтау керек екенімізді суреттер арқылы түсінетін боламыз.
Ойын: "Қауіпті және қауіпсіз заттар"
Шарты:Қауіпті заттарды қауіпсіз заттардан ажыратып қою.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.
Тербеледі ағаштар
Жылы-жылы жел соқты.
Күлімдеген балалар
Шуылдасып қол соқты.
Қорытынды бөлім
Сұрақтар арқылы сабақты қорытады.
Күтілетін нәтиже:
Нені бі
Страницы: 1 | 2 > >>