Үйдегі қауіпсіздік ережелері

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

/> Тапсырма "Жол таба біл " әдісі
"Қағып ал" ойыны (Ұ)
Шарты: Оқушыларға доп лақтырылады. Қағып алған оқушы тақтаға шығады. Тақтаға шұғыл көмек қызметтерінің телефон нөмірі ілінеді. Әр нөмірдің артында сол қызметкерлердің жұмысына байланысты жағдаяттан шешу тапсырмалары жасырылады. Оқушы сол жағдаятты шешу жолдарын тауып, таңдаған нөмірі мен жағдаяттың арасында қандай байланыс бар екенің айтады.
101
-Сен үйде жалғызсың. Кенет пештен шоқ түсіп, үй өртене бастады. Сен не істейсің? (егер сенде телефон жоқ
болса ше?)
102
Сен үйде бауырың екеуің отырсыңдар. Бір кезде есікті біреу қағып, есіктің сыртынан өзін құбыр жөндеушімін деп таныстырды. Сен не істейсің?
103
Сен бауырыңмен үйде отырғанда 2 жасар кішкентай бауырың байқаусызда дәрі ішіп қойды. Сенің іс әрекетің қалай болады
112
Сен аулада ойнап жүргенде су тасқыны қауіп қатері болып, үйдің ауласына су тола бастаса қандай іс-әрекет жасар едің?


Дескриптор
oo Жағдаяттан шығу жолын табады
oo Жағдаят пен телефон нөмірінің байланысын
анықтайды
ҚБ: " Бас бармақ" әдісі

Тапсырама " Суреттер сөйлейді" әдісі (Ө)
Шарты: тақтадағы ілінген қауіпті заттардың суретіне қарап үйдегі қауіпсіздік ережесін құрады.
- Электор құралдарын розеткаға жақындатуға, қосып кетуге болмайды
-Сіріңкемен ойнауға болмайды.
-Газды қолданған соң үнемі жауып отыру керек
-Суды өшіріп жүр
-Үшкір, өткір заттармен ойнама
- Үлкендердің рұқсатынсыз ешбір дәріге тиіспе
- Үлкендерсіз терезені ашпа, терезеге шықпа
Дескриптор
oo Тақтадағы үйдегі қауіпті заттардың суреттері арқылы қауіпсіздік ережесін құрастырады.
ҚБ: "Жұптық бағалау" әдісі








Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: