Пән: Қазақ тілі және әдебиет
Оқытушы: Рахымжанова Н. Ж
Топ:15 ЭМ
Тақырып: Ыбырай Алтынсарин өмірі мен ағартушылығы, өлеңдері мен әңгімелері
Сабақтың мақсаты:
А/ Білімділік: Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр-сырларын меңгертіп, мазмұнына , тереңдей бойлату,өлеңдеріне жан-жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Ә/ Дамытушылық: Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,шығарманың мазмұнын аша білу қабілетін дамыту.
Б/ Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншілікиерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: электронды презентация, интерактивтік тақта, суреттер, Ыбырайдың шығармалар жинағы, баспасөз материалдары
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Студенттерді түгендеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.
3. Аудитория тазалығын көңіл бөлу
2. Үй тапсырмасын сұрау
1. Оқушылардың Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы жайлы не білетіндіктерін сұрап, толықтыру.
2. Ыбырай алтынсариннің қандай әңгімелері мен өлеңдерін білетіндіктерін еске түсіріп, мазмұнын айтқызу.
3. Балқожа би жайлы мәліметтер беру.
3. Жаңа тақырыпты меңгерту. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.
Жылдар. Маңызды оқиғалар
1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.
1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.
1857 жылы "өте жақсы" деген бағамен бітірген.
1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>