Ыбырай Алтынсарин- ағартушы ,педагог

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин – ағартушы,педагог
Мақсаты:
Білімділігі: Қазақтың ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан – жақты таныстыра отырып,оқушылардың өз бетімен білім алуына жетелеу.
Дамытушылығы: Жаңа сабақ материалдарын оқып – үйренуде оқушылардың белсенділігін арттыру,ойлау,іздену,зерттеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелеу: Оқушыларды Ы. Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға,еліне,халқына,ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: кестелер,слайд,тірек – сөздер
Сабақтың әдісі: слайдтармен жұмыс,көрініс көрсету,топтастыру
І. Ұйымдастыру
1. Оқушылармен амандасу,түгендеу
(психологиялық дайындық)
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Қуаныш бүгін ерекше
Шуағын шашып тұр әлем.
Білімнің түскен жолына,
Достарым,саған мың сәлем.
Ендеше,тілек тілейік,
Баршамыз ізгі ниетпен.
Тарихтың зерттеп қойнауын,
Тәуелсіз елдің өрені.
Жетейік биік белеске,
ІІ. «Өзіңе сен,өзіңді сүйреп шығар. . . » үй тапсырмасын сұрау
1. «Қоржыннан шыққан сұрақтар»
Абай қай жылы дүниеге келді? (1845 жылы 10 тамызда бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Шыңғыс тауының етегінде)
Абайдың әкесі кім? (әкесі Құнанбай кезінде болыс,аға сұлтандық қызметтер атқарған)
Абайдың әжесі мен анасы кімдер? (әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі аңыздар – Абай сусындаған халық әдебиетінің алғашқы үлгілері)
Абай қай тілдерді жақсы меңгерген? (мектепте дін сабағын жеңіл меңігеріп,араб,парсы,түркі тілдерін және орысша үйренеді)
2. Тестпен жұмыс
1. Абылай хан қай жылы дүниеге келді?
А) 1718 ж Ә) 1715 ж Б) 1713 ж В) 1711 ж
2. Абылай ресми түрде қ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: