Үй құстары

Страницы: 1 | 2  >  >>





"Жұлдыз-ай " Тамды бөбекжай-
балабақшасының әдіскері



Ашық сабақ.
Қатынас. Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: "Үй құстары"
Мақсаты: Үй құстары туралы түсінік беру.
Балалардың құстар туралы білімдерін тиянақтау.
Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Есте сақтау қабілетін дамыту және өз ойларын еркін жеткізуге баулу.
Көрнекіліктер: Үй құстардың суреттері, тақпақтар, жұмбақтар,ойындар, үн таспа.
Әділ-тәсіл: көрсету, сұрақ- жауап, әңгімелеу, тосын жағдай.
Өткізілу формасы: жеке, топтық, ұжымдық.
I. Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
Шаттық шеңбері:
Терезені ашайық,
Таза ауаны жұтайық.
Тез- тез отырып,
Орнымызды табайық.
Ұйымдастыру - іздестіру.
Тәрбиеші: Біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің жаңа тақырыбымыз "Үй құстары"
Балалар үй құстарының түрлерін атап кетейік: Әтеш, балапан, қаз, күрке тауық, үйрек ( суреттерін тақтаға іле отырып атау).
- Балалар, кімнің үйінде құс асырайды?
Балалар, үй құстары жеммен қоректенеді. Олар көктемде балапан туады. Үй құстарының пайдасы көп: жұмыртқасын, етін адамдар тағам ретінде пайдаланады, жүнінен жастық, көрпе жасайды. Сол себептен адамдар үй құстарына қамқор көрсетіп, асырайды. Жем береді, ыдысқа су құйып береді,балапандарына да қорек беріп, көмек көрсетеді.
Үй құстары қайда тіршілік етеді екен балалар? (Үйде)
Жұмбақ:
1. Алшаң - алшаң басады, бірін-бірі көрсе қаңқылдасады. (Қаз)
2. Бұрап қойған сағаттай, айқайлайды таң атпай. (Әтеш)
Ал енді кім маған үй құстары туралы тақпақтар айтып береді?
Бақытжан:
Қазым, қазым қаңқылда
Суда жүзіп саңқылда.
Арпа, бидай шашайын,
Тойып алып қаңқылда.
Ақерқе:
Мен

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: