Үй құстары

Страницы: <<  <  1 | 2

әтешпін, әтешпін,
Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсы алып,
Елді оятып жар салып.
С. Адина:
Шұбар тауық, ақ тауық,
Бола корме қақсауық.
Жерден азық тап,
Шөжелерді бақ.
Дана:
Сенің атың балапан,
Менің атым балақан.
Балапандар шоқуда,
Балақандар оқуда.
Тәрбиеші: Ой балалар, қандай жақсы тақпақ айттыңдар. Осы құстарды неге үй құстары дейміз? (Үй құстары - үйде өседі, аулада жайылып, адамдардың қарамағында болады. )
Балалар, бәрің жақсы тақпақ айттыңдар, енді бойымызды бір жазып алайықшы.
Сергіту сәті:
Қане, қанат жазайық,
Қаз болып біз ұшайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Жақсы балалар сендер үй құстары жайлы білдіңдер.
Осы кезде есік қағып топқа "Әтеш" кіреді.
Әтеш: Саламатсыңдар балалар. Барлығын осында жиналып қалыпсындарғо. Менде бос келген жоқпын, өзіммен бірге сый қоржыныммен келдім.
Д. о: "Ұшты- ұшты".
Егер ұй құстары аталса, сендер қимылдарын көрсетіп билейсіңдер.
Мысалы: Ку-ка-ре-ку- әтеш,
Цып-цып- балапан,
Қыт-қыт-тауық, (қытқылдайды)
Қарқ-қарқ-қаз. (қаңқылдайды)
Бақ- бақ - үйрек. (барқылдайды)
Ой балалар сендер бәрін ойынды жақсы ойнадындар. Жарайсыңдар. Менің сендерге сыйлықтарым бар. Ол сыйлықты мен сендердің апайларына беріп кетем. Менде енді үйіме қайтайын. Сау болындар балалар.
Тәрбиеші: Балалар бізге кім келді қонаққа.
Қандай ойын ойнадық?
Үй құстарын атап өтейік?
Үй құстарының қандай пайдасы бар?
Қандай қамқор көрсетеміз?
Балалар бәрін бүгін жақсы қатыстындар. Бәріне рахмет.





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: