тінін, немен қоректенетінін, пайдасы туралы айту.
Балалар сонымен төрт - түлікке қандай жануарлар жатады екен?
Түйе, сиыр, жылқы, қой.
Сергіту сәті:
Секіреміз топ - топ,
Шапалақтап көп - көп
Секіреміз оң аяқпен 1 - 2 - 3
Секіреміз сол аяқпен 1 - 2 - 3
Демалайық жинап күш.
Ал, енді балалар, мен сендерді осы төрт - түліктің төлдерімен таныстырамын.
Мынау түйенің төлі- ботақан,
Қойдың төлі - қошақан
Сиырдың төлі - бұзау
Жылқының төлі - құлын.
Мен сендерге осы төлдер туралы өлең оқимын. Ал сендер қандай төл туралы айтылғанын табыңдар.
Шөре, шөре лағым
Тентек болма шырағым
Секеңдемей деміңді ал
Селтеңдемей құлағың. (лақ)
Қара көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнін үлбіреп
Қарасам көз тоймайды. (бота)
Әукім, әукім, әукешім
Қасысыншы әукесін
Енең әне келеді
Ақ мамасын береді. (бұзау)
Құлыншағым, құндызым
Құлдырайды, шабады
Жылтыңдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады. (құлын)
Жарайсыңдар балалар!
Қазір осыған байланысты "Төлдерін тап " деген ойын ойнаймыз.
Балалар біз бүгін қандай үй жануарларымен таныстық?
Олардың төлдері қалай аталады?
Олар қайда мекендейді?
Олардың қандай пайдасы бар екен?
Оларды немен қоректендіру керек?
Сабақты қорытындылап, балаларға сұрақтар қойып, балаларды мадақтау.
Страницы: << < 1 | 2