"Үй жануарлары"
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды үй жануарлары және оның төлдерімен, тіршіліктерімен таныстыру. Не қалай дыбыстайтынын айтып, тілдерін дамыту. Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, зейін қойып тыңдауға үйрету,үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу, сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Жануарларды күтіп баптауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, слайд.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, "Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы"
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Жылулық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым.
Сабақтың барысы:
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа райы қандай?
Өткен сабаққа шолу
Жаңа оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашу мақсатында жұмбақ жасыру:
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
- Иә дұрыс айтасыңдар,балалар-қой. Қой бәріміздің үйімізде бар. Ол-үй жануары. Яғни бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз үй жануарларымен танысамыз.
Тәрбиеші:
oo Балалар, үй жануарларына қандай жануарлар жататынын білеміз ба?
oo Ал олай болса балалар үй жануарларын атайық(балалар үй жануарларын атайды). Бейнетаспа көрсету.
Тосын сәт:
(Музыка ойнайды, түйенің дыбысы шығады). - Балалар, ненің дауысын естіп тұрмыз? Қарайықшы, қанеки бізге кім келе жатыр екен?
Түйе келеді. "Балалар, маған көмектесіңдерші? Менің үйіме қарақшылар келіп, достарымның
Страницы: 1 | 2 > >>