Үй жануарлары

Страницы: <<  <  1 | 2

суретін жыртып кетіпті. Сендер маған суреттерді құрастырып беріңдерші",-деп төрт топқа сурет қиындыларын береді.
Балалар суретті құрастырып болғаннан кейін, өздері құрастырған суреттері туралы тақпақтарын айтады, түйе алғысын білдіреді.
Түйе: "Жарайсыңдар,балалар, сендерге көп рахмет. Сендер маған көмектестіңдер мен де сендерге сыйлық алып келгенмін"-деп сыйлығын беріп балалармен қоштасып шығып кетеді.
Сергіту сәті: Бейнетаспа арқылы
Қорытынды:
(Алдын ала тақтаға үй жануарларының суреттері ілінеді).
Балалар, тақтадағы суреттерге назар аударайық. (телефоннан үй жануарларының дыбыстарын естірту).
1. Қойдың дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине қой. Қойдың төлі қалай аталады? Қозыны анасының қасына апарайық.
2. Мысықтың дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Дұрыс айтасыңдар мысықтың. Мысықтың баласы қалай аталады? Марғауды анасының жанына апарайық.
3. Иттің дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине ит. Иттің баласы қалай аталады? Күшікті анасының қасына апарайық.
4. Жылқының дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине жылқы. Жылқының баласы қалай аталады? Құлынды анасының жанына апарайық.
5. Түйенің дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Дұрыс түйенің. Түйенің төлі қалай аталады? Ботаны анасының қасына апарайық.
6. Сиырдың дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине сиыр. Сиырдың төлі қалай аталады? Бұзауды анасының қасына апарайық.
Мадақтау:
Балаларды мадақтап, жұлдызшаларын тарату.





Страницы: <<  <  1 | 2
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: