Білім беру саласы: "Коммуникация", "Шығармашылық", "Денсаулық", "Таным","Әлеумет"
Тақырыбы: "Үй жануарлары"
Мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін пысықтау.
1. Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін бекіту, олардың төлдерін ажырата білуге, жекеше көпше түрде айтуға үйрету.
2. Балалардың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту. Балалардың дене қимылдарын арттырып, тілін дамыту.
3. Балалардың жануарларға деген сүйіспеншілігін ояту, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,сурет бойынша жұмыс.
Көрнекі-құралдар: үй жануарларының суреттері және олардың өнімдері.
Жаңа технология: Көзге арналған жаттығулар, саусақ жаттығулар.
Тәсілдер кезеңдері
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық
-Балалар қане орнымыздан тұрып шаттық шеңбер құрайық.
Шаттық шеңбері:
Атам мені "құлыным"- дейді.
Әжем мені "боташым"- дейді,
Әкем мені "шырағым" - дейді.
Анам мені "қозым" - дейді,
Ал, шынынында мен кіммін?
Мен кәдімгі баламын.
Жарайысыңдар, балалар орындарыңа отырыңдар.
-Балалар, біз бүгін үй жануарлары және олардың төлдері жайлы әңгімелесеміз.
Балалар орындарынан тұрып шаттық шеңбер құрады.
Ізденуші-
ұйымдастырушы
-Балалар мына суреттен нені көріп тұрсыңдар? Кәне кім айтады?
-Дұрыс балалар, үй жануарларының төлдерін атап беріңдерші.
-Сендер қалай ойлайсыңдар,
неліктен оларды үй жануарлары деп атайды?
-Дұрыс
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>