Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімдері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Үй жануарлары. (сурет бойынша әңгімелеу)
Мақсаты: Білімділік:. Үй жануарлары мен олардың төлдерінің адамға тиер пайдасы, олардың қысқы тіршілігі жайлы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын, сурет бойынша әңгімелеуде ойлау қабілеттерін, әр түрлі жаңылтпаштар мен өлең шумақтары арқылы тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, ат шана макеті, қора жанындағы қоршаудағы жануарлардың қысқы тіршілігі жайлы суреттейтін макет, интерактивті тақта.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ жауап.
Сөздік жұмыс: Үй жануарлары.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер.
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамыз да қаламыз.
Тамаша ғой бақшамыз,
Біз ауылға барамыз.
Алға басып келеміз,
Біз әдепті баламыз.
Шеңберге тұрып өлең шумақтарын айтады.
Ұйымдастыру іздестіру
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгрістер болады?
-Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?
Күн суықта біз далаға көп шықпаймыз. Далада тоңып қаламыз. Үй жануарлары да қыс мезгілінде қораға кіреді. Олар қыс бойы қорада тіршілік етеді. Ал, адамдар болса сол жануарлардың қыс бойы жем-шөптерін салып, күтеді.
Сөздік жұмыс.
Үй жанурлары жайлы түсіндіру.
-Үй жануарлары - қолға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды қо
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>