Вирусты гепатит В
В вирусты гепатиті (ағылш. Hepatitis B virus, HBV) -- ВГВ вирусымен шақырылатын бауыр зақымы себебінен, сарғаюымен және зат алмасу процесінің бұзылуымен өтетін, өзінен кейін жиі созылмалы гепатитке және бауыр цирррозына әкеліп соғатын инфекциялық ауру. ХХІ ғ. В вирустық гепатиттің қатері ЖТҚА індетінен де кем болмауы мүмкін. Тек ЖТҚА індеті сирек, ал, В вирустық гепатит кең таралған. Аталған індетпен 20-40 аралығындағы жастылар жиі ауырады. Әдетте, В вирустық гепатит тіс дәрігердің немесе гинекологтің сәтсіз емінен, сондай-ақ зарарсызданбаған "шприцтік гепатиттен" пайда болады. Жұқтырудың өзге жағдайлар: шаштаразда, сән салонында және басқа да тұрмыстық қатынас арқылы. Сонымен қатар, В вирустық гепатиті нашақорлар мен гомосексуалистер арасында кең таралған.
В гепатиті немесе сывороточный гепатит -- бауырдың ауыр зақымдалуымен сипатталатын алдыңғы аурудан да қауіптірек ауру.
B гепатитінің қоздырғышы -- ДНК құрамындағы вирус. Вирустың сыртқы қабатында HbsAg сыртқы антигені бар, ол ағзада антителдің қалыптасуын тудырады. Вирустық В гепатитінің диагностикасы қан құрамында ерекше антителдердің байқалуына негізделген. Вирустық b гепатиті Цельсий бойынша 30 - 32 градуста 6 ай бойында, Цельсий бойынша минус 20 градуста 15 жыл, Цельсий бойынша плюс 60 градусқа дейін қыздығаннан кейін бір сағат, 20 минут қайнатқанда толығымен жойылады.
1967 жылы табылған. Гепатовирустың тобына жатады. Оның геномы 2 жіпшелік ДНК молекуласынан қалыптасады. Ішкі - сыртқы қабыршақтармен қосылған сыртқы ортаға өте төзімді. Кәдімгі бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады. Тоңазытқышта 6 ай, қатырылған түрде 15-20 жыл бойы.
Эпидемиологиясы
ГВ-ң таралуы өте кең. Инфекция көзі болып әр түрлі клиникалық ауруларымен ауырған адам ждәне созылмалы тасы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>